6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТаеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан «World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4» турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.
Ұлттық құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймұқашева және Аида Тәукенова ел намысын қорғады.
Сонымер қатар қазақстандықтар жекелей сайыста да жүлделі орындардан көрінді.
Бекасыл Ергеш (80 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) күміс жүлде еншілесе, Нұрбек Ғазез (68 келіге дейін), Алмира Қанат (57 келіге дейін) қола медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медальға ие болған еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі