6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАҚШ-тың Шарлотт қаласында таеквондодан (WT) әлемдік Гран-при жарысының І-кезеңі (2025 World Taekwondo Grand Prix Challenge) өтуде. Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны екі қола жүлдемен толықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ерлер арасында Тамирлан Тілеулес пен Батырхан Төлеуғали жеңіс тұғырына көтерілді. 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Тамерлан Тілеулес сенсация тіркеді. Ол қола жүлде үшін кездесуде Токио 2020 Олимпиадасының чемпионы италиялық Делль’Акуила Витоны 2:0 есебімен жеңді. Бұл Тамерлан үшін WT кезеңіндегі алғашқы жүлдесі болды. Ал 80 келіге дейін салмақ дәреженсінде даянгқа шыққан команда көшбасшысы Батырхан Төлеуғали жарыстың қола жүлдесін Чили өкілі Хоакин Черчилльмен сарапқа салды. Екеуара кездесу алғашқы раундта тең есеппен басталғанымен, отандасымыз екінші раундта сенімді түрде жеңісті жұлып алды.
Таеквондо федерациясының ақпаратынша, қос жүлдеге ие болған отандастарымыз 2026 жылы Италияның Рим қаласында өтетін Гран-при жарысына жолдама жеңіп алды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі