6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров жазғы Универсиада чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
67 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Самирхон финалда Түркия спортшысын жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
21 жастағы Абабакиров 2024 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқан. Алайда ол 58 келі салмақта Токио Олимпиадасының чемпионы италиялық Вито Дел’Акилуға алғашқы айналымда есе жіберді.
2025 жылғы жазғы Универсиада Германияның бес қаласында: Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм және Берлинде өтіп жатыр.
6 шілдеде басталған жарыс 26 шілдеге дейін жалғасады.
Әзірге Қазақстан қоржынында 7 медаль бар. Абабакировтың алтынынан бөлек 6 қола медаль бар.
Медаль саны бойынша Қазақстан әзірге 19-орында тұр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі