6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали President’s Cup - Asian Region турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан President’s Cup - Asian Region халықаралық турнирі басталды.
Жарыстың алғашқы күнінде 74 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Батырхан Төлеуғали Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды. Жарысқа екінші айналымда қосылған ол жартылай финалға дейін екі кездесу өтізді. Алғашқы кездесуінде Ким Чжебомнан (Оңтүстік Корея), ширек финалда Ван Го Циннен (Қытай) басым түсті. Алайда жартылай финалдық кездесуде Пак Чунсанға есе жіберіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетерлігі, Батырхан Төлеуғали President’s Cup - Asian Region жарысының қола жүлдесімен қатар, 2026 жылы өтетін Азия чемпионатына Қазақстанға қосымша жолдама сыйлады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі