Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Industry Hills Expo Center спорт кешенінде өткен “International Taekwondo Fest 2025” халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы Әділет Базарбаев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен 300-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қазақстан намысын қорғаған Әділет Базарбаев 63 келі салмақ дәрежесінде қатарынан үш қарсыласын жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.
Алғашқы айналымда Әділет Базарбаев Taha Khozema Khambati-мен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жартылай финалда ол америкалық Stanley Lopez-пен тартысты кездесуде үстемдік көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Әділет Alden Ryu-мен күш сынасып, жоғары деңгейдегі дайындық пен техникалық шеберлігінің арқасында бас жүлдені жеңіп алды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік