Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыАлматылық модель әрі блогер Светлана Петрова халықаралық Mrs Europe байқауының жеңімпазы атанды. Байқаудың финалы 19 қыркүйекте Эстонияда өтті.
Петрова жеңісі туралы Threads әлеуметтік желісінде хабарлап, бұл атақтың Қазақстан өкіліне алғаш рет бұйырғанын атап өтті.
«Бүгін біз тарихтың жаңа парағын аштық. Қазақстан алғаш рет Mrs Europe титулын жеңіп алды. Бұл тәжді еліме алғаш болып әкелу мен үшін үлкен мәртебе», – деп жазды Светлана Петрова.
Байқау бес күнге созылды
Mrs Europe байқауы бес күн бойы өтті. Қатысушылар түрлі сайыс кезеңдерінде бақ сынап қана қоймай, әлеуметтік бастамаларын таныстырды, форумдарға қатысты және қазылар алқасымен сұхбаттасты.
Сайыстың ерекше кезеңдерінің бірі – Таллиннің тарихи бөлігінде ұйымдастырылған National Costume Walk ұлттық киімдер шеруі болды. Бұл кезеңде Светлана Петрова Қазақстанның ұлттық киімін заманауи үлгіде таныстырды.
Светлана Петрова немен айналысады?
Светлана Петрова 12 жылдан астам уақыттан бері маркетинг және SMM саласында еңбек етіп келеді. Ол жеке брендтерді дамыту және ілгерілетумен айналысады, сабақ береді әрі жеке блогын жүргізеді.
Жеңістен кейін Петрова Mrs Europe титулы Қазақстанды халықаралық деңгейде танытуға жаңа мүмкіндік бергенін атап өтті.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады