23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандық су саласының мамандары Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қолдауымен Жапонияда екі айлық курстан өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу курсында cуды тазартудың озық технологиялары, су тазарту қондырғыларының құрылысын жоспарлау және басқару, су тарату құбырлар желісін компьютерлік бақылау және су сұранысын болжау тақырыптары бойынша дәріс оқылды.
Курс бағдарламасы өте ауқымды болды. Дәрістерден бөлек, су тарату құбырларын жалғау және жөндеу, судың сынамасын алу және тағы да басқа тақырыптарда практикалық жаттығулар орындадық. Алдағы уақытта, Жапония елінен жинаған тәжірибемді тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін мекеме қызметкерлерімен бөлісуді жоспарлап отырмын, - деді Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының Су пайдалануды басқару және реттеу бөлімінің бас маманы Фариза Маденова.Сондай-ақ, Саппоро, Сендай, Кобе және Токио қалаларындағы су тазалау станцияларына, болат және пластмасса құбырлар шығаратын зауыттарға іссапар ұйымдастырылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады