23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚытайдың Сиань қаласында өткен ғылыми-технологиялық, индустриялық инновацияларды, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бір белдеу, бір жол» атты студенттер арасындағы халықаралық сайыс қазақстандық студенттер командасы 1 орын иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сайыстың финалдық кезеңі 26 қазан мен 2 қараша аралығында өтті. Жалпы 6 мыңнан астам үміткер қатысқан.
Ақтық мәреде жалпы 14 мемлекеттен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Әзербайжан, Түркия, Иран, БАӘ, Жапония, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Үндістан, Ресей және Қытай мемлекеті) 579 жоба сынға түскен.
Солардың арасында Astana IT University командасының құрамы 1 орынға ие болды.
Нұрайым Қуандық, Нұрлан Абзалбеков команда болып (ғылыми жетекшісі Зарина Құтпанова) «EnergyDrones AI — бұл күн панельдерін БПЛА және жасанды интеллектті қолдану арқылы тексеруге арналған веб-платформа» тақырыбындағы жұмысын ұсынған. Жобаның басты мақсаты — күн панельдеріндегі ақауларды анықтаудың тиімді шешімін ұсыну. Қазіргі қолданылатын мониторинг жүйелері барлық ақауды анықтай алмайды. Сол себепті дронмен түсірілген суреттерді және AI мен CV негізіндегі веб-платформамызды қолдана отырып, EnergyDrones AI тексеру дәлдігін арттырады.
Бұл жасанды интеллект жүйесі 95% дәлдікке жететін алдыңғы қатарлы нейрондық желілерді (KAN, CNN, ResNet-8) қолданады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады