10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБылтыр SDU студенттерінен құралған «N1 Racing SDU» командасы жаңа өнертабысын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, былтыр аталған ЖОО студенттері Орталық Азия елдерінен алғашқылардың бірі болып халықаралық инженерлік «Формула Студент» жобасына қатысқан болатын. Университет негізінде жасалған алғашқы электромобиль грант ұтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев студенттердің бұл өнертабысын жоғары бағалаған еді. Міне, енді екінші жобасын дайындап шығарған.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, алғашқы көлік электромоторға негізделсе, жаңа автомобиль бензинді мотормен жұмыс істейді.
Көлікті жасауға жалпы 9 ай уақыт жұмсалды: 6 ай жоба әзірленіп, соңғы 3 айда құрастырылды. «Кабирхан» деп аталған жаңа көлік алдыңғысына қарағанда қуаты жоғары, технологиясы күрделірек және қауіпсіздігі жақсартылған. Автокөлік сағатына 80 шақырым жылдамдыққа жете алады және апаттық жағдайларда моторды өшіру мүмкіндігімен жабдықталған, - делінген мәліметте.
Студенттер инженерлік 3D модельдеу үлгісін 100% дәлдікпен жүзеге асырды. Осылайша, жас инженерлер аз қаражатпен толыққанды тағы бір көлік құрастыруды іске асырды. Италияда өтетін көлік сайысына шақырту алған студенттер бұл жарысқа дейін көлікке қосымша электромотор орнатуды жоспарлап отыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді