Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары3-9 қыркүйек күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы спортшылары. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтеді.
III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.
Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркия Республикасында өтеді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар