23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандық студенттер Amazon Development Center U. S. меморандумы аясында Amazon OpenSearch жобасына қатыса алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жобаға қатысушылар Amazon инженерлерімен жұмыс істейді және оған тікелей үлес қоса отырып, портфолиосы мен дағдыларын кеңейтеді. Оқыту онлайн форматта 10 аптаға есептелген.
OpenSearch жобасы қатысушыларға қолайлы және инклюзивті ортада тәжірибелі инженерлерден тәлімгерлік алуға мүмкіндік беретін «Aerial Balloon Express» ашық бастапқы әзірлеушілер бастамасын (OSCI) ұсынады. Бұл тәжірибе әлемнің түкпір-түкпірінен қатысатын студенттерді оқытуға және олармен ынтымақтастыққа ықпал етеді.
Наурызда Amazon Сollege Contributor Initiative (CCI) пилоттық бағдарламасын іске қосты, ол 400 қазақстандық студентке тәлімгерлік алуға және OpenSearch Project OpenSource жобасына кодты енгізуге мүмкіндік берді. Amazon қазақстандық студенттердің жоғары сапалы техникалық біліміне көз жеткізіп, АҚШ студенттері үшін де бағдарламаны бастады. Қазақстандық студенттер осы бағдарламаны Гарвард пен Стэнфорд студенттері үшін ашты.
OSCI студенттердің техникалық дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық командаларға араласуға және қосылуға мүмкіндік береді.
Жобаға қатысқысы келетіндер ағымдағы жылдың 18 қыркүйегіне дейін мына сілтеме бойынша өтінім беруі қажет: https://amazonmr.au1.qualtrics.com/.../SV_esNNNyGLItb5iPY.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік