Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсРесейде білім алып жатқан қазақстандық студент өз еркімен жеке әскери компаниямен келісімшартқа отырған. Бүгінде ақпардың қаншалықты рас екені анықталып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қолда бар мәліметке сәйкес, аталған Қазақстан азаматы ЧВК Вагнер (ресейлік мемлекеттік емес қарулы құрылым) жеке әскери компаниясымен өз еркімен келісімшартқа отырған. Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігі жас жігіттің туыстарының өтініші бойынша Ресей Федерациясының құзыретті органдарына сауал жолдады. Ақпарат тексеріліп жатыр. Консул студенттің туыстарымен тұрақты байланыста, - деді Айбек Смадияров.
Еске салсақ, бұған дейін БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Ресейдің Томбы мемлекеттік университетінде оқып жатқан 23 жасар қазақстандық студенттің із-түссіз кеткені жайлы ақпарат тараған еді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды