Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыІІІ Түркі универсиадасы аясындағы дзюдо жарыстарының алғашқы күнінде қазақстандық студент ел қордынына алғашқы алтынды салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Данияр Құлушев 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде урнирдің алғашқы чемпионы атанды.
Біз студентіміздің жеңісімен мақтанамыз. Данияр ерік-жігерін, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетіп, қазақстандық жастардың халықаралық аренада табысты бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл медаль – спортшының, жаттықтырушылардың және университеттің жүйелі еңбегінің нәтижесі. Данияр Құлушевтің жеңісі Қазақстанның медаль қорын ашып қана қоймай, елдің халықаралық деңгейдегі студенттік спорттағы беделін нығайтты,-деп жазды желі парақшасында Ғылым және жоғары білім министрі.
Айта кету керек, ІІІ Түркі универсиадасы аясындағы дзюдо жарыстары алдағы күндері де жалғасады. Қазақстандық спортшылар жүлде қорын толықтыруға барлық мүмкіндікке ие.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар