Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекShakarim University оқу орнының 3-курс студенті, дзюдошы Жалғас Қайролла Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен БРИКС V спартакиадасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы медальдық есепте 10-орынға ие болды. Команда қоржынында 2 алтын, 10 күміс және 17 қола медаль бар. Татарстан астанасы 90 елден келген 5 мыңнан астам спортшыны қабылдады. Спорттың 27 түрінен барлығы 387 медаль сарапқа салынды.
Жалғас Қайролланың бапкері Ерасыл Оспанов бұл жүлде спортшының халықаралық деңгейдегі алғашқы жетістігі емес екенін атап өтті.
2023 жылдың шілдесінде 29 елден 300-ге жуық спортшылар бәсекеге түскен Berlin Junior European Cup 2023 турнирінде Жалғас өз командасына күміс медаль алып келді. Берлинде өткен еуропалық кубокта командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленген болатын, - деді бапкер.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?