Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТалдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлегі Антон Моргунов Phi Beta Kappa қоғамының мүшесі атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетерлігі, Phi Beta Kappa Society – АҚШ-тағы ең көне құрметті студенттер қоғамы. Білім алушылар үшін ең жоғары марапат саналатын бауырластыққа орташа есеппен 100 үміткердің біреуі ғана мүше бола алады.
Антон ел тарихында америкалық бес үздік жоғары оқу орны – Гарвард, Стэнфорд, Колумбия университеттері мен Массачусетс және Калифорния технологиялық институттарынан шақыру алған бірінші қазақстандық. Оның таңдауы MIT-ге түсіп, бүгінде беделді білім ордасын аяқтады.
Мектеп қабырғасында ол химиядан халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы мен жүлдегері атанды, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сондай-ақ Антон – «El Maqtanyshy» сыйлығының иегері, оқушыларды пәндік олимпиадалар пен жобалық жұмыстарға дайындайтын «Beyond Curriculum» қоғамдық қорының негізін қалаушы. Биыл Alumni NIS өткізген «SAMGAU» форумында Антон жас зияткерлерді білім жолында аянбай еңбек етуге шақырып, тәжірибесін бөлісті, шабыт берді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?