18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Туризм және спорт министрлігі 24 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24 ақпан – 9 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионаты
Ел намысын 4 отандасымыз қорғайды.
Өтетін орны: Тронхейм қ., Норвегия.
24 ақпан – 3 наурыз: Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Әлемдік додаға ел құрамасынан 2 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Дебрецен қ., Мажарстан.
23 ақпан – 7 наурыз: Биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты
Әлем біріншілігінде 11 отандасымыз сынға түседі.
Өтетін орны: Эстерсунд қ., Швеция.
24-28 ақпан: Спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты
Ішкі біріншілікте 17 өңірден 110 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Ақтау қ.
25-28 ақпан: Қоян-қолтық ұрыстан ел біріншілігі
Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 400 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Астана қ.
26 ақпан – 2 наурыз: Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Байрақты бәсекеде ел намысын 8 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Калгари қ., Канада.
26-27 ақпан: Еркін күрестен Muhamet Malo халықаралық рейтингтік турнирі
Қазақстан құрамасынан 10 палуан жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Тирана қ., Албания.
26 ақпан – 4 наурыз: Көркем жүзуден Әлем кубогы (1 кезең)
Жарысқа отандық 9 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Париж қ., Франция.
26-28 ақпан: Армрестлингтен Қазақстан чемпионаты
Сайысқа 17 өңірден 300 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Астана қ.
28 ақпан – 6 наурыз: Тау шаңғысы спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Ел намысын 2 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Тарвизио қ., Италия.
1-3 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы
Жарыста 4 отандасымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Оберхоф қ., Германия.
1-7 наурыз: Қазақстан пара садақ атудан ел чемпионаты
Ел біріншілігіне 60 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қ.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр