28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өзбек халқының ұлттық спорты кураштан екінші жарыс күні аяқталды. Екінші жарыс күнінің қортындысы бойынша қазақстандық 7 балуан медаль иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кураштан қазақстандық 7 спортшы жартылай финалға жолдама алып, оның төртеуі ақтық сынға жолдама алды. Өкінішке қарай, екінші жарыс күні отандық спортшыларға алтын бұйырмады. Осылайша, қазақстандық балуандар 4 күміс, 3 қола жүлде иеленді.
1. Марат Нигматуллаев – қола жүлде (ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесі)
2. Ернұр Сүлейменов – күміс жүлде (ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесі)
3. Айбек Қазақбаев – күміс жүлде (ерлер арасында 66 келі салмақ дәрежесі)
4. Толғанай Абеуова – күміс жүлде (әйелдер арасында 57 келі салмақ дәрежесі)
5. Алтынай Нұрханова – қола жүлде (әйелдер арасында 57 келі салмақ дәрежесі)
6. Нұрдін Шаймерден – күміс жүлде (ерлер арасында 73 келі салмақ дәрежесі)
7. Әділет Ахметғали – қола жүлде (ерлер арасында 73 келі салмақ дәрежесі)
Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні қазақстандық 6 спортшы кураштан жартылай финалға жолдама алып, үшеуі ақтық сында бақ сынады. Ал жалпы кураштан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 6 күміс 6 қола жүлдеге ие болды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?