12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстандық спортшы Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында 55 келі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Нұрлан Исатаев дзюдодан жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда ол грузиялық Мераби Самадашвилимен кездесіп, қосымша уақытта қарсыласын қапы қалдырды.
Қазақстандық балуан жарыста іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаров (Түркменстан), Лиова Спариян (Армения), Янг Жонатан (АҚШ) секілді қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда тағы бір отандасымыз Оралбек Байзақтан басым түсті.
Ал қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова күміс алса, ұлдар арасында Оралбек Байзақ қола жүлдені еншіледі.
Еліміздің жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен медальдар кестесінде көш бастап тұр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер