Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары20-24 мамыр аралығында Бангкокта джиу-джитсудан Әлем кубогы өтті.
Мәлік Байсұлтанов өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. ҚР Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төрт күн ішінде әлемнің 12 елінен жиналған спортшылар өзара кім мықтыны анықтаған болатын. 62 келіге дейінгі санатта Мәлік Байсұлтанов төрт кездесу өткізіп, барлық қарсыласын жеңді.
Мен 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түстім. Татамидегі қарсыластарымның бәрі «сен тұр, мен атайын» деген жігіттер. Мынадай мықты қарсыластармен жекпе-жекке шығуым бірінші рет емес. Бүгін аз атымнан ғана емес, бүкіл елімнің атынан шықтым, - деді Мәліктің өзі.
Ефрейтор Байсұлтанов қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде жедел мақсаттағы батальон бөлімшесінде аға маман (аға жүргізуші) лауазымын атқарады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар