23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандық спортшы Ерлан Тасмағамбетов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында батуттағы гимнастикадан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыстан кейін ол өз нәтижесіне пікір білдіріп, өзі үшін тосын болған жарыс форматы және жүлдеге жетуге көмектескен «аңызға айналған комбинациясы» туралы айтып берді.
Еске салайық, Тасмағамбетов суперфиналда 54,69 ұпай жинап, үшінші орын алды. Жарыста Қытай өкілі Янь Ланъюй 65,09 ұпаймен жеңімпаз атанды. Екінші орынды 63,83 ұпай жинаған оның отандасы Ван Цзысай иеленді.
Жалпы, бәрі жақсы. Өз өнеріме көңілім толады. Кейбір сәттерде қателіктер болды, бірақ оларды түзеттік. Осы медальға қатысы бар барша адамға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Неге екенін білмеймін, бүгін таңертең оянғанда, үшінші орын алатынымды ойладым. Солай болды. Түсімде қалай көрінсе, дәл солай болды. Бұл жолы жарысу қиынға соқты. Өйткені бізде жарыстар мұндай форматта өтпейді - алдымен финал, содан кейін суперфинал. Біраз шаршадық деуге болады. Оның үстіне, кеше аздап жарақат алып қалдым. Бірақ, жалпы бәрі жақсы. Бүгін «аңызға айналған комбинациямызбен» жеңдік деуге болады. Спортшылардың арасында осындай бір әзіл бар. Бүгін орындаған комбинациямды өзара «аңызға айналған» деп атаймыз. Ол маған медаль әкелді. Дәл осы комбинациямен жүлдеге ілігуді көздедім. Осы ойындардағы өз өнерімді аяқтадым. Бүгін тек қыздар арасында бір спортшымыз өнер көрсетеді. Жалпы, нәтижеме көңілім толады. Барлығы жақсы", - деді Тасмағамбетов.
22 жастағы Ерлан Тасмағамбетов үшін бұл Азия ойындарындағы алғашқы медаль болды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады