Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікЖеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді.
Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.
Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль жеңіп алған болатын.
Кения тумасы Дейзи Джепкемейдің Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетіп жүргеніне жеті жыл болды. 2012 жылы ол 3 мың метрге кедергілермен жүгіруде әлемдегі ең үздік жасөспірімдердің бірі болған.
Ал құрамамыздың сапында ол Париждегі Олимпиада ойындарына қатысып, 17-орын алды.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді