7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Германияда Guadanini Foundation ІІ Штутгарт халықаралық скрипкашылар байқауы өтті. Музыкалық беделді бәйгеде Қазақстан атынан скрипкашы Руслан Талас өнер көрсетіп, жүлделі екінші орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, байқауда бірінші орынды Оңтүстік Корея скрипкашысы Анна Им иеленсе, үшінші орынды америкалық Мэтью Хаккарайнен жеңіп алды.
Айта кету керек, 25 жастағы отандасымыз бірнеше рет ірі халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты және дипломанты атанған.
2022 жылы ол WorldVision-да жеңіске жетті. Руслан Латын Америкасы мен АҚШ елдерінде танымал. Ал Еуропада ол «қазақтың Паганиниі» деген лақап атқа ие, - делінген мәліметте.
Өнер иесі Астанадағы ұлттық музыка академиясына 7 жасында қабылданған. Академиядағы оқуын бітірген соң, Мәскеудегі Орталық музыка мектебінде білімін жалғастырды, ал 2021 жылдан бастап Лозан музыка академиясының (Швейцария) магистранты атанып, аты аңызға айналған скрипкашы Джанин Янсен сыныбында оқиды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?