Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБиыл қазақстандық шаруалар еккен егіс көлемі 24,0 млн гектарды құрады, бұл өткен 2022 жылмен салыстырғанда 652 мың гектарға артық. Оның – 7,1 млн га дәнді дақылдар. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
21 қарашадағы жағдай бойынша астық жинау Қазақстанның барлық өңірлерінде аяқталу сатысында тұр. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша орташа өнімділігі 9,7 ц/га болатын 16,9 млн га (99,1%) жиналды, бастапқы салмағында 16,5 млн тонна астық бастырылды. Оның ішінде – 13,5 млн гектардан 11,5 млн тонна бидай алынған. Өнімділігі гектарына 8,5 центнерден келді, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ шаруалар 2,2 млн гектардан майлы дақылдар жинады. Бұл осы дақылдың жалпы көлемінің 78,3% құрайды. Орташа өнімділігі гектарына 8,5 центнер болатын 1,8 млн тонна май тұқымы жиналды. Оның 845,7 мың га (74%) күнбағыс, орташа өнімділігі 11,2 ц/га болатын 943,2 мың тонна бастырылды.
Ал 182,4 мың гектар алқапқа егілген картоп толық жиналып бітті. Жалпы көлемі 3,6 млн тоннаны құрады. Өнімділігі гектарына 200,4 центнер. Сонымен қатар 165,3 мың га алаңға егілген өзге де көкөніс дақылдарынан 4,3 млн тонна өнім алынды. Өнімділігі гектарына 262,4 центнерді құрайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді