12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Аичи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп жазады Еl.kz интернет порталы.
Семсерлесу бойынша командалық жарыстың финалында қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Шешуші бәсекеде Қазақстан командасы қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Бұл алтын – соңғы жылдары ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген қазақстандық семсерлесу мектебінің кезекті маңызды жетістігі.
Айта кетейік, осы Азия ойындарында қазақстандық шпагашылар жекелей сында да жүлде иеленді. Кирилл Проходов финалда Жапония өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Коки Каномен кездесіп, 13:15 есебімен есе жіберіп, күміс медальға ие болды.
Бұған дейін ерлер құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатында командалық сында тор жарған болатын. Сонымен бірге, отандық семсерлесу шеберлері жыл басында құрлық біріншілігінде де топ жарып, биылғы маусымды үздік нәтижемен аяқтап отыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер