28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін Қытайдың Таоюань қаласында садақ атудан Азия Кубогының 1-кезеңі аяқталды. Қазақстандық мергендер соңғы жарыс күні 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Әуелі құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуден Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Үндістанға есе жіберіп (215-227), күміс жүлдегер атанды. Ел намысын бұл жолы Виктория Лян, Адель Жексенбинова мен Роксана Юнусова қорғады.
Ал Роксана Юнусова мен Андрей Тютюн аралас жұптар арасында (құралмалы садақ) ақтық сында Таиланд спортшыларын жеңіп (152-151), алтыннан алқа тақты. Алайда Ильфат Абдуллин мен Алина Ілиясова дуэті аралас бағдарламада (классикалық түрі) бас жүлде жолында Бангладеш құрамасынан жеңіліп қалды. Есеп: 3-5.
Осылайша, біздің мергендер Таоюань қаласында 1 алтын, 2 күміс пен 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуден Қазақстан ерлер құрамасы үздік үштікті түйіндеген.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?