Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБіріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында садақ атудан Азия Кубогының 3-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Қазақстан құрамасы бір күміс және 1 қола медальге қол жеткізді. Қос жүлде де құралмалы садақпен (Compound bow) нысана көздеуде бұйырды. Кейде блок садақ деп те аталатын бұл бағдарлама Олимпиада бағдарламасына кірмейді.
Аралас командалық сында біздің мергендер (Акбарәлі Қарабаев пен Роксана Юнусова) финалға жетіп, шешуші сайыста Оңтүстік Кореяға (Юхён Ох пен Ёнджун Юн) 152-153 есебімен жол берді. Қола медаль Бангладеш құрамсына бұйырды.
Акбарәлі мен Роксана ширек финалда Гонконг, ары қарай Вьетнамнан келген қарсыластарынан басым түскен.
Сосын әйелдер құрамасы командалық бәсекеде қола жүлде үшін таласта Бангладешті жеңді. Есеп: 219-205. Ел намысын Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Диана Макарчук қорғады. Финалда Оңтүстік Кореяны жеңген Үндістан садақшылары жеңіске жетті. Айта кетейік, Қазақстан ширек финалда БАӘ-ні 220-201 есебімен ұтқанымен, жартылай финалда Үндістаннан ұтылды (217-229).
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?