12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстанға жіберілген қазақстандық құтқарушылар жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Наиброфи елді мекенінде қазақстандық құтқарушылар 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді. «Бір қатармен» әдісі бойынша құтқарушылар 487 учаскені жаяу жүріп өтті. Осы елді мекенде 700 қираған үйдің учаскесі тексерілді.
Толығымен қираған тұрғын үйдің біреуін бөлшектеу барысында құтқарушылар қайтыс болған 5-6 жастағы баланың денесін тауып алып шықты.
Ауған тарапының өкілдерімен бірлесіп, қазақстандықтар Наиброфиден 10 км қашықтықта орналасқан Сияхан елді мекенінде толығымен қираған үйлердің астын тексерді. Чолк елді мекенінде де үйінділерді бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер табылған жоқ.
Қазақстандық құтқарушылар 80 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 11 балаға медициналық көмек көрсетті.
Қатты афтершок фактілерінің жиілеуіне және бөлінген учаскедегі жұмыстардың аяқталуына байланысты Қазақстан ТЖМ жасағы Герат қаласына бару үшін жолға шықты.
Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда Қазақстанның 45 құтқарушысы Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін кеткен болатын.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер