Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсИордания астанасы Амманда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының екі балуаны қола жүлде үшін күресте есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
62 келіде Тыныс Дубек қола үшін күресте қырғыз балуаны Қалмира Білімбекқызына 10:3 есебімен жеңілді. Осылайша ол құрлық біріншілігінде жүлдесіз қалды. Тыныс аталған жарыста алғашқы айналымда үнді балуанынан жеңілген еді. Алайда қарсыласының финалға шығуына байланысты жұбаныш белдесуінде Оңтүстік Корея өкілін 2:0 нәтижесімен қапы қалдырды.
Сондай-ақ, 65 келіде Гаухар Мұқатай үшінші орын үшін белдесуде қытайлық балуанға жол берді. Кездесу нәтижесі 10:0 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. Бүгінгі сында отандасымыз іріктеу белдесуінде вьетнамдық балуанды жеңген еді. Алайда ширек финалда жапон спортшысына 9:2 есебімен жол берді.
Бүгін Қазақстан балуандары арасында 53 келіде Зейнеп Баянова қола медальға қол жеткізді. Сонымен бірге, 57 келіде Нилуфар Раимова іріктеу бәсекесінде жеңіліп, жүлдеден тыс қалды. Ал 72 келіде Жәмила Бақбергенова финалға қытай балуанымен өзара мықтыны анықтайды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды