Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның түкпір-түкпірінен келген жүзден астам қолөнерші бар болғаны бір сағат ішінде 500 тақия тігіп, Қазақстан рекордтар кітабына (КИнЭС) енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттіг «24KZ» арнасына сілтеме жасап.
Аталған перформанстың ең жас қатысушысы небәрі 9 жаста. Айта кетейік, бұл – тігіншілердің рекорд орнатуы бойынша алғашқы жағдай емес. Бұған дейін, қыркүйек айында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында шеберлер әлемдік рекордты жаңартқан болатын: 450 қолөнер шебері жалпы көлемі 11 мың шаршы метрден асатын құрақ көрпе тіккен.
Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуаныш Құдайбергенов бұл бастамалардың маңыздылығына тоқталды:
Қазақстан рекордтар кітабы мұндай жобаларды әрдайым қолдайды. Себебі бұл бағытта арнайы мектептер құрылып, мұндай бастамалар қозғалыстың алдыңғы шебінде болуы тиіс. 500 тақия – бұл өте үлкен көрсеткіш. Бірақ мұндағы басты қиындық – уақыт шектеуі. Олар тақияны тек тігіп қана қоймай, нақты пішініне келтіріп үлгеруі керек. Бұл техникалық тұрғыдан оңай шаруа емес. Бұл – әлеуметтік жоба, мұнда ешқандай коммерциялық мақсат жоқ, – деді ол.
Іс-шара «Конгресс-орталығында» өтті. Ертең осы жерде ұлттық стильде тігілген заманауи киімдер көрсетілімі өтеді. Отандық дизайнерлер өз топтамаларын ұсынбақ. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары этникалық стильде жасалған әшекейлер, суреттер мен киімдер ұсынылатын көрмеге қатыса алады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары