30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумда сөз сөйлеген премьер-министр Әлихан Смайылов соңғы жылдардағы оқиғалар жаһандық және аймақтық экономикаға орасан зор әсерін тигізгенін тілге тиек етті.
Күрделі сын қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасы сыртқы жағдайларға бейімделді және тұрақты өсу жолында. Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,9 пайызды құрады. Негізгі салалар бойынша оң динамика қалыптасып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,6 пайызға ұлғайып, 13,3 триллион теңгені құрады. Үкімет пен Ұлттық банктің іс-шараларының арқасында инфляцияның деңгейі 10,8 пайызға баяулады. Алдымызда әрі қарай инфляцияны төмендету міндеті тұр. Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені шеңберінде отандық өндіріс көлемін ұлғайту негізгі бағыттардың бірі. Ол бізден ортақ күш-жігерімізді талап етеді, – деді премьер-министр.
Сондай-ақ ол кәсіпкерлікті дамыту және оны қолдау Үкімет жұмысының негізгі бөлігі екенін айтты. Бизнестің мәселелері Үкіметте «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесе тұрақты түрде қаралып келе жатқанын тілге тиек етті.
Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдерінің үлесі 36,4 пайызға дейін ұлғайды. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың саны биыл 14 пайызға өсіп, 4,3 миллион адамды құрады. Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі іс-шаралар қабылдануда. Мәселен, бизнеске қойылатын артық талаптарды қысқарту үшін жаңа реттеуші саясат іске асырылуда. Қазірдің өзінде 9 мың артық талап қысқартылды. Жыл соңына дейін тағы бір мыңы қысқартылады, – деді премьер-министр Әлихан Смайылов.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды