Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыСенат төрағасы, Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қуанышты жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Қазақстан Бочча Федерациясы үшін тарихи күн! Қазақстандық пара-спортшы Қуаныш Асқарбеков Финляндияда өткен беделді халықаралық World Boccia Challenger турнирінде қола медаль жеңіп алды! Бұл халықаралық деңгейдегі жарыстағы алғашқы жеңісіміз, - деп жазды Мәулен Әшімбаев.
Ол спортшыны дайындаған жаттықтырушыға алғысын айтты.
Қуаныш өзіңе сеніп, мақсатыңа қарай нық қадам бассаң, мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеді. Спортшыны дайындап, осындай биіктерге жетуіне себепкер болған жаттықтырушы Данел Уалбайға да ерекше алғыс айтамыз. Қуанышты құттықтап, алдағы жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз! - деді ол.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар