Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан ТЖМ басшылығы аумақтық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын күшейтуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда отандық өндірістегі өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерінің 280 жиынтығы сатып алынды, бұл шұғыл міндеттерді орындау кезінде жоғары қорғаныс пен жайлылықты қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, өртке қарсы қызметтің автопаркі 5 "Skoda Kodiaq" жедел-қызметтік автокөлігімен және "Камаз"шассиі базасындағы екі жаңа өрт автоцистернасымен толықтырылды. Бұл машиналар ең күрделі жол жағдайы мен қолайсыз ауа-райында жұмыс істеуге өте ыңғайлы.
Техника мен жабдықтарды жаңартудағы бұл тәсіл отпен күресу және адамдарды құтқару кезінде ең күрделі міндеттерді орындауға жоғары дайындықты қамтамасыз етеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады