Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан құрамасы химия пәнінен әл-Бируни атындағы халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында Әбу Райхан әл-Бируни атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиада өтті. Оған әлемнің үш континентінің 16 елінен 130 жас ғалым қатысты. Қазақстан ұлттық командасының құрамына химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасының төрт жүлдегері енген болатын. Төртеуі де әл-Бируни атындағы олимпиада жүлдегері атанды. Олар:
Әділжан Молдағұлов— Маңғыстау облысының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
Диас Қоршыбек — Жамбыл облысының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;
Әлихан Смет — Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Инсар Имаш — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы.
Айта кетейік, Әбу Райхан әль-Бируни атындағы халықаралық олимпиада Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылды. Олимпиада екі кезең бойынша өтті, қатысушылардың білімі мен әлеуеті жазбаша және практикалық зертханалық жұмыстармен бағаланды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары