Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Боливияның Сукре қаласында өткен информатика пәні бойынша IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш күміс, бір қола медаль жеңіп, үздік нәтиже көрсетті.
Максим Цой — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы (күміс);
Мансур Мамадахунов — Қызылорда облысы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы (күміс);
Әкежан Асқар — Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы (күміс);
Даужан Бекетов — Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы (қола).
Құрама жетекшілері Astana IT University-дің бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов және Алматыдағы IITU университетінің спорттық бағдарламалау бойынша жаттықтырушысы Айбар Қуанышбай сынды мамандар.
Олимпиаданың барлық кезеңіне Қазақстан құрамасын дайындауды Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы ұйымдастырды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары