Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыСолтүстік Македонияда жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстан құрамасы жарысқа қатысу тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді.
Жеңімпаздар:
Ануар Ағыбаев – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;
Александр Олейников – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы;
Жәңгір Булат – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы;
Батырхан Бейғанов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы;
Нұртай Мәлік – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Мирас Кеңесбек – Қарағанды облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.
Құраманың жетекшілері: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Сергей Полянских және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Перизат Саутбекова.
Анықтама үшін: JBMO – 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиада. Қатысушы елдердің қатарында Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия және басқа да мемлекеттер бар. Қазақстан бұл додаға 2004 жылдан бері қатысып келеді және дәстүрлі түрде үздіктер қатарында. Өткен жылы Түркияда өткен олимпиадада команда 6 медаль жеңіп алған болатын.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары