Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан құрамасы Шанхайда өткен 67-ші Халықаралық математикалық олимпиадада (IMO) 3 күміс және 3 қола медаль иеленіп, ел қоржынына тағы бір ірі жетістік қосты.
Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық математикалық олимпиадаға (International Mathematical Olympiad, IMO) әлемнің 117 елінен700-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Бұл – әлемдегі ең көне әрі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама жарысты 3 күміс және 3 қола медальмен аяқтады.
Күміс медальды Almaty қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Тимур Мұрат, Алматыдағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Әли Еркебұланұлы және Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Батырхан Бейғанов жеңіп алды.
Ал қола жүлдені Алматыдағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Ерасыл Алтынбек, Астанадағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Марғұлан Шарел және Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Әмірлан Аманжолов иеленді.
Халықаралық математикалық олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі саналады. Қазақстан бұл додаға 1992 жылдан бері тұрақты қатысып келеді.
Осы уақыт ішінде ұлттық құрама олимпиадаға 34 рет қатысып, жалпы 16 алтын, 54 күміс және 86 қола медаль, сондай-ақ 30 Құрмет грамотасын жеңіп алғанын да айта кетейік.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары