14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Өзбекстанның Ташкент қаласында математика және информатика пәндері бойынша әл-Хорезми халықаралық олимпиадасы аяқталды. Білім додасына әлемнің 10 елінен келген дарынды оқушылар қатысып, теориялық және практикалық кезеңдерде өзара бақ сынады.
Халықаралық олимпиаданың негізгі мақсаты – математика мен информатика салаларындағы талантты жастарды анықтап, олардың ғылыми-зерттеу және зияткерлік әлеуетін дамыту.
Қазақстан құрамасы жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, қатысқан сегіз оқушының барлығы жүлдегер атанды. Ұлттық құрама қоржынына төрт алтын, үш күміс және бір қола медаль түсті. Осылайша қазақстандық оқушылар 100 пайыздық нәтижеге қол жеткізді.
Алтын медальді Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Бердімұрат Ахмет, Павлодар қаласындағы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Бексұлтан Жанделдинов, Алматы қаласындағы NIS мектебінің 9-сынып оқушысы Алдияр Мұхитұлы және Алматы қаласындағы РФММ-нің 8-сынып оқушысы Әлішер Еламан иеленді.
Күміс медальге Алматы қаласындағы РФММ-нің 9-сынып оқушысы Белгімбаев Әмір, Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Ермұханов Ислам және Қарағанды қаласындағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Жангелді Санжар қол жеткізді.
Ал қола медальді Павлодар қаласындағы «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Ғаллам Әлішер жеңіп алды.
Ұлттық құраманы жарысқа Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Асхат Әбдіқұлов пен IITU университетінің сеньор-лекторы Айбар Қуанышбай дайындады.
Қазақстандық оқушылардың бұл жетістігі еліміздің халықаралық білім олимпиадаларындағы табысты дәстүрін жалғастырып, жас таланттардың әлемдік деңгейде жоғары бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды