Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҚазақстан құрама командасы Словенияның Порторож қаласында өткен қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадасында (EGMO) төрт медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олимпиада 2023 жылғы 13-19 сәуір аралығында өтті. Онда әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысты. Еліміздің намысын Астана мен Алматы қалаларынан және Павлодар облысынан төрт оқушысы қорғады.
Қатысушылар математикадан жеке тапсырмалар орындап, қорытынды бойынша төрт оқушы да орын алды:
Мерей Темирзинова (Астана қаласы) – күміс медаль;
Анастасия Одинцова (Павлодар облысы) – күміс медаль;
Ақерке Нурахметова (Алматы қаласы) – күміс медаль;
Амира Кенбаева (Алматы қаласы) – қола медаль.
Айта кетсек, Қазақстан Еуропалық математикалық олимпиадасында 2017 жылдан бері қатысып келеді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды