Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7–13 мамыр аралығында Ташкент қаласында математика және информатика пәндерінен III Халықаралық Әл-Хорезми олимпиадасы өтті. Шығыс Қазақстан облысындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Алдияр Амангелді алтын медаль жеңіп алып, тоғыз елден келген 200-ден астам дарынды оқушылар арасынан ең үздік қатысушы атанды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасы 100% нәтижеге қол жеткізді. Алты қатысушының барлығы жүлдемен оралды. Олар:
1-орын: Алдияр Амангелді – Өскемен қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
2-орын: Әли Мендеке – Семей қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
2-орын: Мейірбек Мұрат – Орал қаласынан НЗМ-нің 9-сынып оқушысы;
2-орын:Медеу Жұбатыров – Ақтау қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 8-сынып оқушысы;
2-орын:Айдайбек Абдурахман – Тараз қаласынан «Білім-инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы;
2-орын:Нұрислам Дүйсенғали – Алматы қаласынан РФММ-нің 9-сынып оқушысы.
Команданың жаттықтырушылары — Ибрагим Ибатулин мен Жамбыл Максотов.
Айта кетсек, Әл-Хорезми олимпиадасы Орталық Азия жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға және нақты ғылымдарды насихаттауға бағытталған. Өткен жылы қазақстандық оқушылар 4 медаль жеңіп алған болатын.
Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай