Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстаналық NIS-тің 11-сынып оқушысы Батырхан Мұхтархан Грекияда өткен халықаралық экономика олимпиадасында (EO-2025) абсолютті чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
EO-2025 олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық іріктеуден өткен 100 мыңнан астам үміткер қатысты. Финалда 28 елден келген 128 мықтылар бақ сынады. Олар экономика мен қаржы саласындағы ең күрделі теориялық және практикалық тапсырмаларды – нақты жағдайларды талдаудан бастап шешімдерді модельдеуге дейін орындады.
Батырхан жалпы есепте бірінші орынды сенімді түрде иеленіп, АҚШ, Канада, Қытай, Нидерланды, Польша, Чехия, Грекия және басқа да елдердің қарсыластарын артта қалдырды.
Айта кетейік, Батырханның қоржынында бірқатар жетістіктер бар: Экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиаданың қола жүлдесі, Экономикадан халықаралық олимпиаданың (IEO-2024, Гонконг) қола жүлдесі, IEO-2025 (Әзербайжан) алтын жүлдесі, EFI олимпиадасындағы жеңіс (Нархоз, Қазақстан). Кезекті – жеңісі EO-2025 абсолютті алтыны.
Мен үшін ең бастысы – жаңа нәрсені үйрену, күрделі тапсырмаларды шешу және өзімді дамыту. Өз жетістіктеріммен замандастарымды шабыттандырғым келеді, – дейді Батырхан.
Батырхан Мұхтархан – жаңа буын зияткерлерінің жарқын өкілі. Оның жетістіктері тек жеке жеңіс қана емес, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік білім беру аренасындағы беделін арттырды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары