30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚытайда Би білімінің дүниежүзілік альянсы (World Dance Education Alliance) аясында IX Бейжің балет байқауы және Бейжің би академиясының форумы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, байқауда Қазақстанның намысын Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Әбілмансұр Сырманов қорғады. Финалда ол А. Аданның «Жизель» балетіндегі Альберттің вариациясын және заманауи би нөмірін орындап, алтын медаль иегері атанды.
Байқау қазылар алқасының құрамында әлемге әйгілі балет өнерінің майталмандары – Нина Ананиашвили, Владимир Малахов, Син Лили, Эрик Гильере және басқалары болды. Ал байқаудың кеңесшісі ретінде Сяо Сухуа, Джао Рухенг, Фэн Инг және өзге де танымал тұлғалар шақырылды.
Академияның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова бұл жеңіс Қазақстанның әлемдік балет сахнасындағы беделін арттыра түсетін маңызды жетістік екенін атап өтті.
Биылғы байқауға 10 елден келген 57 орындаушы қатысып, әлемнің жетекші балет мектептерін таныстырды.
Студенттердің Қытайға сапары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, CNPC және PetroKazakhstan компанияларының қолдауымен, сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің ықпалдастығымен ұйымдастырылды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды