23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Bibi деген лақап атпен танымал қазақстандық модель Бибісара Шәріпова америкалық актриса Скарлетт Йоханссонмен бірге жарнамаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Косметика брендінің жарнамасын Бибісара Шәріпова өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Бибісара Шәріпова Степногорскіде туған, анасының арқасында 13 жасында сән әлеміне бет бұрып, 2008 жылы Top Model Asia финалисі атанды, осыдан соң оны Нью-Йоркке жұмысқа шақырды. Содан бері бойжеткен талай сән үйінің көрсетілімдеріне қатысты. Шәріпованың Benetton, Uniqlo, Salvatore Ferragamo, Puma, Schwarzkopf компанияларымен келісімшарттары бар.
Ал 2015 жылы қазақстандық жапонның қыз киім өндіретін Uniqlo компаниясының жұлдызына айналды.
Шәріпованың суреттерін Vogue, Elle, Harper's Bazaar секілді журналдар жариялаған. Одан қалды Нью-Йорк, Париж және Токио сән апталықтарына қатысқан.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік