Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлғаш рет Олимпиадада ел намысын қорғаған Константин Малиновский спортшы Арина Алтуховаға сөз салды. Ұлттық құрама спортшысы өзінің туған күнінде нағыз азаматқа тән мінез танытып, Парижде ғашығына сезімін білдірген, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жазғы Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен Арина Алтухова үшін бұл күтпеген тосын сый болған. Спортшы қыз көп күттірмей сүйіктісіне келісімін берген. Осылайша алматылық спортшылардың 3,5 жыл бұрын басталған қарым-қатынасы қуанышты жаңалыққа ұласты. Арина мен Константин үшін Париж Олимпиадасының орны ерекше болып қалатыны сөзсіз.
Константин Малиновский Париж Олимпиадасының лицензиясын былтыр қарашада Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өткен Азия чемпионатында жеңіп алған. Ал сол сәттен бір күн бұрын Арина Алтухова 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде жолдамаға иелік еткен. Константин сол кезде Париж Олимпиадасына барып, Аринаға сөз салу үшін барын салғанын айтады.
Лицензияны Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатында алдым. Бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып бардым. Бір күн бұрын сүйіктім Арина лицензия алғанда іштей: «Менің де қолымнан келеді. Одан қалып кетпеуім керек,- деп ойладым,-деді ол Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі арнайы дайындаған «Олимп жолы» бағдарламасына берген сұхбатында.
Ал спортшы қыз Ариха Алтухова сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірген сәтті былайша еске алды:
Жарыстарымыз аяқталған соң қалада серуендеп жүрдік. Саябақта болғанда маған тезерлеп жүзігін ұсынып тұрған Константинді көргенде өз көзіме сене алмадым. Менің есімде мәңгі сақталатын сәт болар... Қазір бақыттымын,-деді Арина Алтухова.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?