Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілдері Бойсангур Датиев пен Гаухар Наурызова Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирін аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандастарымыз мұздағы би бағдарламасында 2026 жылғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алу үшін сынға түсті. Жолдамаға қол жеткізу үшін үздік төрттікке ену қажет еді.
Алайда бұл міндетті орындау мүмкін болмады. Еркін бағдарламада Датиев пен Наурызова 15-орынға табан тіреді. Қорытынды есепте олар 134.78 ұпай жинап, жалпы 15-орынға тұрақтады.
Олимпиадалық жолдамаларды Эллисон Рид пен Саулюс Амбрулевичюс (Литва) - 198.73, Холли Харрис/Джейсон Чан (Аустралия) - 183.50, София Валь/Асаф Казимов (Испания) - 170.32 және Шиюэ Ван/Синьюй Лю (Қытай) - 168.83 ұпаймен иеленді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары