Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама сапындағы Астана қаласының спортшысы Рахат Бралин Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Tallinn Trophy халықаралық турнирінде күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол қысқа бағдарламада 65.18 балл жинап, үшінші сатыға тұрақтаған. Ал еркін бағдарламадағы Рахаттың өнеріне төрешілер 128.90 ұпай берді.
Осылайша, жерлесіміз жалпы есепте 194.08 ұпай жинап, Лев Винокурден (Израиль) кейін екінші орынға тұрақтады. Қола медаль украиналық Кирило Марсакқа бұйырды (193.23 ұпай).
Айта кетейік, 20 жылдан астам тарихы бар дүбірлі додаға биыл 19 мемлекеттен 63 спортшы жиналды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді