18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының қызметкерлері мен отандық құрылыс және жобалау компанияларының өкілдері жұмыс сапарымен Мюнхенге барып қайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сапарда қазақстандық делегаттар Maurer Se компаниясының зауытына аялдап, сейсмикалық оқшаулау саласындағы озық технологияның артықшылығын байқап, германиялықтардың тәжірибесімен танысты.
Осы ретте елімізде жоғарыда айтылған компанияның өкілдігін ашу жоспарланып отырғанын айта кетейік. Айталық, DNT Center Stroy компаниясы серіктестермен бірлесіп, республика аумағына германиялық өнімдерді жеткізіп, сату және қызмет көрсету бойынша өкілдікті қолдап, құруға дайын.
Сонымен қатар бұл компания құрылыстарды жобалау кезінде сейсмикалық қорғаныс жүйесін қолдануға мүдделі. Бұған қоса Maurer базасында жобалаушылар мен монтажшыларды оқытуды көздеп отыр. Өз кезегінде DNT Center Stroy-дың серіктестері Алматыдағы аурухананың құрылыс жобасын әзірлеу кезінде Maurer-дің сейсмикалық оқшаулау жүйесін қолдануға ниет танытты.
Timus group компаниясы Германиядағы әріптестерден алған тәжірибе мен дағдыларды толық көлемде пайдаланбақ. Бұл компания құрылыс кезінде заманауи сейсмикалық қорғаныс жүйесін қарастырып, осы арқылы сату нарығын ұлғайтуды межелеп отыр.
Қазір отандық компания германиялықтардың қатысуымен Алматыда сейсмикалық оқшаулау жүйелерін шығаратын зауыт салу мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл тұста «ҚазҚСҒЗИ» АҚ құрылыс процесін толығымен сүйемелдеп, оның Қазақстанның құрылыс нормалары шеңберінде іске асырылу процесін қадағалайтын болады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр