29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің студенті Ришат Мансуров Түркияның Кемер қаласында өткен муайтайдан XIII Antalya Open Cup халықаралық турнирінде жоғары нәтиже көрсетіп, І орын иегері атанды.
Аталған жарыс Түркияның танымал курортты қалаларының бірі – Kemer қаласында ұйымдастырылды. Додаға әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Ришат Мансуров колледждің 2-курс студенті болып табылады. Ол «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алып жүр. Спортшы муайтаймен 8 жасынан бері тұрақты түрде айналысып, жылдар бойы жинаған тәжірибесін халықаралық деңгейде дәлелдей алды.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы да жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш елдің жауынгерлік спорт түрлеріндегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ришат Мансуровтың бұл жеңісі – тек жеке жетістік емес, сонымен қатар отандық спорттың дамуына үлес қосқан маңызды нәтижелердің бірі ретінде бағалануда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек