29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЕкатеринбург қаласында" ИННОПРОМ " XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесі басталды. Тақырыбы - "Технологиялық көшбасшылық: индустриялық серпіліс", деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жалпы көрме алаңы 50 000 шаршы метрді құрайды. Әлемнің 60 елінен 47 000-нан астам бірегей келушілер қатысады, іскерлік бағдарламаның 100-ден астам іс-шараларын өткізеді, сондай-ақ 11 мыңнан астам ұйымдар мен компаниялардың қатысуы күтілуде.
Көрмеде металлургия, машина жасау, Жеңіл өнеркәсіп сияқты түрлі салалардағы отандық өндірушілердің ұлттық экспозициялары ұсынылады.
Биыл көрмеде еліміздің өңдеу өнеркәсібінің 11 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынуда:
1. «Qarmet» компаниясы – көмір мен темір кенін өндіру, шойын, болат және болат өнімдерін шығару бойынша жұмыс істейтін, толық интеграцияланған жалғыз ірі тау-кен металлургиялық комбинат;
2. Қарағанды құю-машина жасау зауыты – машина жасау, тау-кен металлургия кешені және мұнай-газ секторы үшін 12 мыңнан астам түрлі өнім түрін шығарады;
3. Railways Systems компаниясы – теміржол вагондары мен жолдың жоғарғы құрылым элементтерін өндіруші;
4. Бент компаниясы – әртүрлі типтегі темірбетон шпалдары мен рельс бекіткіштерінің ірі өндірушісі;
5. Tengri Tyres компаниясы – заманауи автоматтандырылған жалғыз шин зауыты;
6. Silk Road Electronics – тұрмыстық электроника өндіруге маманданған заманауи толық циклді кәсіпорын.
Сондай-ақ көрмеде кабель өнімдерін, алюминий профильдерін, шыны және брендті киім шығаратын отандық өндірушілер де қатысуда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек