Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өздеріңізге мәлім, екі елдің де табиғи ресурстары мол. Темір, фосфад және басқа да сирек кездесетін минералдарды игеру үшін мүмкіндік бар. Қазақстан кәсіпкерлері тау-кен саласын зерттеуге дайын екенін келіссөз басында атап өттім. Сонымен қатар екі елдің көлік-логистика саласындағы қарым-қатынасы жан-жақты талқыланды, - деді Тоқаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Республикасының басшылығын, кәсіпкерлерін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырды.
Конго Республикасы – Орталық Африка аймағының қақпасы, ал Пуэнт-Нуар порты – осы қақпаның кілті. Бұл теңіз айлағының мүмкіндіктері өте жоғары. Қазақстан осы порттың мәдениетін пайдалануға мүдделі. Біз өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға барынша күш салуымыз керек. Конго Республикасының басшылығын, кәсіпкерлерін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырдым. Олар Қазақстанның экономикалық әлеуетімен таныса алады, - деді президент.
Айта кетейік, биыл Астана мен Браззавиль арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 25 жыл болды. Тоқаев Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоның Қазақстанға бұл сапары екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға жол ашатынын жеткізді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?