Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық кәсіпкерге Қырғызстанда іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
МҰҚК комитеті мәліметінше, қазақстандық кәсіпкер және «Симирам» демалыс орталығының иесі Ясынжан Таировқа Қамшыбек Асанбектің (Қамчы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дерегі бойынша іздеу жарияланған.
Арнайы қызметтер кәсіпкер Ясынжан Таировтың «Братский круг» халықаралық қылмыстық тобына кірген Қамчы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландыру дергін анықтаған.
Таиров Қамчы Көлбаевтың қылмыстық әрекетін біле тұра, онымен бірлескен бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін байланыс орнатқан. Кәсіпкер оған 200 мың доллар берген. Демалыс орталығының қожайыны ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне коттедждер мен бөлмелерді үнемі беріп отырған.
Таировқа қатысты жиналған материалдардың негізінде Бішкек Октябрь аудандық сотының қаулысы бойынша сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған, сондай-ақ ол қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін іздестіруге, оның ішінде мемлекетаралық және Интерпол ҰБО желісі бойынша жарияланды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?